четверг, 20 июля 2017 г.

«Леcбuaндық» ауру емес... (мені қатты ызаландырған адамға айтарым...)

Біздің елімізде «гей» немесе «лесби» деген сөзді естіп қалса, жағаларын ұстап, «құдай сақтасын» деп кемсітіп кететіндер жетерлік. (Құдайдан өздері сақтана берсін) Олардыкы дұрас-ақ. «Олар ауру», «түбімен құрту керек» деп қолдарына найза алып, жауға шабардай ызаланады. Ызаланып, сыртымыздан ашуланып, тіпті қарғап-сілер, сосын.. сосын қояды, қайда барар дейсіз.

Бізді ауру дейтіндерге:

«    – Алло, Сауле, Манзуровна мен бүгін де жұмысқа бара алмайтын сияқтымын.
       Әлі жазылмай жатсыз ба?
       Иә, лесбияндығым жазылар емес)))»
Менің ақылым дұрыс. Бұрын соңды жындыханада болып көрмедім. Сізде де солай шығар? Көрдіңіз бе? Бірдейміз.

Мен қызбын және қыздарды ұнатамын. Ал сіз? Натуралсыз делік... сізге ер адамдар, немесе ер адамдарға әйел кісілер қалай ұнаса бізге де солай. Кәдімгі махббат. Сүю, сағыну, аңсау, іздеу... біп-бірдей... сіздерден басқаша аңсамаймыз, сіздерден басқаша, өзге ғаламшарлық секілді сүймейміз, дәл сіз сияқты жақсы көреміз.... сіз сияқты... ұқсастық, байқадыңыз ба? Сонда да қарсы шығып жатырсыз ба? Жарайды, түсінбесеңіз, түсінуге итермелемейміз.
Расымен, бізге қарсылық бідіретіндердің барлығы түсінуден қашатындар, мүмкін қорқатындар. Түсініп көрсе, өзін «лесбиан ауруына» шалдыққанмын есептейтін болар...

Ауру, сырқат деген не екенін біз бен сіз жақсы білеміз. Алла, кесірден сақтасын. Басыңыз ауырып тұр ма? Көзіңіз ауыра ма? Ауру деген осы. Кешіріңіз сізге қатты тиіп кетті ме? Дәрі ішіп алғаныңыз дұрыс болар. Ал біздің еш жеріміз ауырмайды.

Бұл жолды мен өзім барып, таңдап алған жоқпын. Бұл менің ішкі жан дүнием. Бұл – мен. Бұл – өмір. Мен жүрегім қыздарды қалайды. «Уаиуюкои» ой, ой ұрыспаңыз...  бәрі дұрыс. Солай ма?

Кешіріңіз... мені молдаға апару керек дейсіз бе? А айтпақшы, мүмкін молда да ге* шығар... 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...