среда, 26 июля 2017 г.

Лесби-көңілдес #2


Мен онымен клубта таныстым. 

Біздің клуб қой сол баяғы. Ол шуылдақ мына орынға алғаш бас сұғып тұр екен. Көңілін көтеруге келіпті. Үш жыл жүрген сүйікті қызы өзгенің етегін ұстап, кетіп қалса керек. Қызыл винодан ішіп отырды. Қанша ішсе де есін жоғалтқан жоқ. Ал мен бұл маңға қызық қуу үшін келгем. Айко деп танысқан бейтаныс қыздың мына күйзелісіне бей-жай қарай алмадым. Өзі тартымды-ақ, жігітше сөйлейді, киім үлгісі де сондай. Менің ынтамның ауып отырғанын анық сезіп отыр. Үйге шақырдым. Неге екені белгісіз, бірден бас тартады деген жүгірмек ой жете қалды. Бірақ, ойым алдапты. «Кеттік» деді.

Үйге келдік. Өзінің пәтері секілді еш қысылмай кіріп, төргі бөлмедегі менің қабырғаға ілінген фотосуреттерімді асықпай қарап шықты. Сұрақ, сауал дегенді білмейді екен. Кіммін? Жалғыз тұрам ба? Жұбым бар ма? Қызықтырған да жоқ. Өзімнің бағанадан бері өліп тұрғаным бар, жақындап барып иіскедім. Шараптың иісіне араласқан әтірі майдай жағып барады. Менің белімнен құшақтады. Ернімнен емес, мойнымнан сүйе бастады. Еш асықпайды екен. Артымнан қуып жатқан ешкім болмаған соң, мен де саспай қолымды  денесіне жүгірте бастадым. Сүйістік, ұзаааааақ сүйіс болды. Әр қимылын өте мәдениетті жасайды. Өзім сүйетін позаға тарттым. Оған да сол керек екен. Алғымыз келген тәтті сезімнің шыңына шықтық. Төсектегі қимылы қатты ұнады. Мына түннің бітпегенін қаладым. Әбден қалжырағанша айналыстық. Жүрегім тоқтап қала ма деп едім, соғысын жиілеткен бейбақ жүрегім мына сәттегі бақытымнан айырғысы келмеді-ау...

Бұдан кейін Айкомен кездесудің сәті түспеді, бұрынғы ғашығына қайта оралғанын айтты. Әттең... 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...