четверг, 20 июля 2017 г.

Менің алғашқы махаббатым...

Менің бала кезден қыздарға деген көзқарасым өзгеше болды...

иә, олармен жақын араласып, достық қарым-қатынас орнатып жүрдім, бірақ, маған олар кәдімгі махаббатты сыйлай алатындай дәрежеге жетті. Барлығы секілді менің де жігітім болғанын қалап, сөз сұрағанға рендітпейін деп келісе салатын едім.Мүмкін мұным дұрыс болмаған шығар. Олармен "уақытша" махаббатым ұзаққа бармай, жарты жолдан үзілетін. Өзім басымды алып қашып, әрең құтылатын едім ғой...

Алғаш рет 15 жасымда бөлемнің үйіне қыдырып барып, дос қызын қатты ұнатып қалдым. Ұнатқанда... сөйлескім келіп, жанына жақындағым келіп.... қасынан кеткім келмей.... бір нәрсе тартатында тұратын. Танысқаннан соң барлық минут секунд тек соны ойлаумен өтті... Эх шіркін.... менің кеудемдегі мынау сұрақ белгіге жауап айтар жан бар мааааааааааа????

3-4 күнгі  саяхатым аяқталып, үйге оралғанда, мен өзімді әлемдегі ең бақытсыз жан сезіндім... Мөлдіреген көзің, тартымды күлкің... келбетің көрік берер бетіңдегі "ұяшығың". Мені ғашық қылғаным, аруым... Солай сен қала бердің.

Мен жынды шығармын! өзім қыз бола тұра, неге қыздарға деген көзқарасым өзгеше болды екен.... Одан соң мен бөлемнің үйіне қыдырып бара алмадым. Ол қыз қазір тұрмыста 1 балалы. Не дегенмен де менің алғашқы махаббатым емес пе?

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...