воскресенье, 30 июля 2017 г.

Лесби-көңілдес #4


Осы қыз лесби-төсектестерін қайдан таба береді деп ойлайтын шығарсыздар... Біз көппіз. Білесіз бе? Сіз ойлағаннан да көөөөппіз... Көбісі өздерін жасырып бағады. Гомофобиясы барлар коммент қалдырса қарсы емеспін.
***
Онымен вк-да таныстым. Әңгімеміз керемет жарасып кетті. Өзім нәзік болғандықтан, мен үшін қарама-қарсы типтегі қыздарды табу еш қиындық туғызбайды.

Ол бірден ұнады. Парақшасындағы фотолары өзіне ғашық қылды. Телефон нөмерімді еш қарсылықсыз бердім. Сөйлестік. Мені тартатын әдемі дауыс. Өкіншітісі, басқа қалада екен. Екеуміз екі-үш аптадай сөйлесіп жүрдік. Бір күні «се*с- по телефону» дегенді білесің бе демесі бар ма? Бұған дейін мұндай  «сұмдықты» естімегенімді айтып, пәк қыздың образына кіріп алдым. Жолдарын үйретті. Оның даусы есімді шағаратынын, сол себепті қарсылық білдірмейтінімді жақсы біліп алса керек.

62 тамырымды тулатқан тәтті дауыс... «Құлақтан кіріп бойды алатын» «телефон-сезім». Тура барып бір арнаға құйылады... Менің де даусым керемет шығып жатса керек. Одан сайын елірткен ерекше сезім... оның даусына емес, өз-өзімді дәл осылай бірінші рет риза қылып тұрғаныма қуандым... Бірақ, сондай қатты қызық емес екен))

пятница, 28 июля 2017 г.

Лесби-көңілдес #3

Әлеуметтік желіде жігіт боп отырып көрейін деп шештім. Содан 5-6 өзіме ұнаған қыздарға достық жібердім. Менде тұрған әдемі жігіттің фотосы кез келгенінің есін тандыратындай еді. Сонымен не керек, біреуімен әңгімем жарасып, қызықтың соңына түсіп кеткенімді аңғармай қалдым. Есімі – Аяулым. Бір күн, екі күні, үш күн.... бір апта! Әлгі әдемі жігіттің он шақты фотосын жіберіп қуантып қойдым. Осылай әңгімеміз екі айға созылды. Ақыры, шындықтың бетін ашайын деп шештім. Өтірік «жігіт» болып шаршадым, шынын айтқанда...

Ойбоооойй, ашуланып, апыр-топыр, үзілді-кесілді сөйлесуден бас тартқан аруым 1-2 сағаттан соң сабасына түсті. Кездесуге шақырдым. Келіп «қадап» кете ма деп ойлағам. Жоқ, кәдімгі интеллект адамша, хал-жайымызды сұрасып, тарқастық. Мен қатты ұнатып қалдым. Келіскен өң, сымдай тартылған тұла бойы, тостағандай төсі...  

Ұзақ созып отырмайын. Бастысына көшкенім дұрыс шығар.
Сонымен жарты жолдан, қойып кетер мен емес, ары жүгіріп, артынан бері жүгіріп, бір күні үйге қонаққа шақырдым. Келді. Кереметтей дастархан жайдым (меніңше, керемет қой енді)) жақсылап тойып алдық. Сөйтіп, бұл жолы, ештеңе болған жоқ, Ол «аман-есен» қайтты. Содан екі аптадан соң бірнәрсені сылтауратып үйіне бардым. Жеңіл-желпі шәй ішіп алған соң, ойым бұзыла бастады. Жақындап бастадым, кәдімгідей қашқақтады. Бірақ, қайда барсын, қатты құшақтап, иіскеп сүйе бастадым. Шын сезімім оны елітті, білем. Бар білгенімді төсекте көрсетіп бақтым. Сүйдім, аймаладым, бақытқа бөледім. Бұрын-соңды мұндай сәтті сезініп көрмегендей талықсып жатты. Бірақ, маған тіке қарай алмады. Ештеңе болмағандай киініп, қоштасып, шығып кеттім. Одан кейін менің звоногымды көтермеді, үйіне барып едім, басқа жақа көшіп кетіпті. Еххх... ұялған болды ғой.

среда, 26 июля 2017 г.

Лесби-көңілдес #2


Мен онымен клубта таныстым. 

Біздің клуб қой сол баяғы. Ол шуылдақ мына орынға алғаш бас сұғып тұр екен. Көңілін көтеруге келіпті. Үш жыл жүрген сүйікті қызы өзгенің етегін ұстап, кетіп қалса керек. Қызыл винодан ішіп отырды. Қанша ішсе де есін жоғалтқан жоқ. Ал мен бұл маңға қызық қуу үшін келгем. Айко деп танысқан бейтаныс қыздың мына күйзелісіне бей-жай қарай алмадым. Өзі тартымды-ақ, жігітше сөйлейді, киім үлгісі де сондай. Менің ынтамның ауып отырғанын анық сезіп отыр. Үйге шақырдым. Неге екені белгісіз, бірден бас тартады деген жүгірмек ой жете қалды. Бірақ, ойым алдапты. «Кеттік» деді.

Үйге келдік. Өзінің пәтері секілді еш қысылмай кіріп, төргі бөлмедегі менің қабырғаға ілінген фотосуреттерімді асықпай қарап шықты. Сұрақ, сауал дегенді білмейді екен. Кіммін? Жалғыз тұрам ба? Жұбым бар ма? Қызықтырған да жоқ. Өзімнің бағанадан бері өліп тұрғаным бар, жақындап барып иіскедім. Шараптың иісіне араласқан әтірі майдай жағып барады. Менің белімнен құшақтады. Ернімнен емес, мойнымнан сүйе бастады. Еш асықпайды екен. Артымнан қуып жатқан ешкім болмаған соң, мен де саспай қолымды  денесіне жүгірте бастадым. Сүйістік, ұзаааааақ сүйіс болды. Әр қимылын өте мәдениетті жасайды. Өзім сүйетін позаға тарттым. Оған да сол керек екен. Алғымыз келген тәтті сезімнің шыңына шықтық. Төсектегі қимылы қатты ұнады. Мына түннің бітпегенін қаладым. Әбден қалжырағанша айналыстық. Жүрегім тоқтап қала ма деп едім, соғысын жиілеткен бейбақ жүрегім мына сәттегі бақытымнан айырғысы келмеді-ау...

Бұдан кейін Айкомен кездесудің сәті түспеді, бұрынғы ғашығына қайта оралғанын айтты. Әттең... 

ЛeCбu-Секс туралы фактілер


1. Лесбиан жұптардың оргазмды сезіну көрсеткіші 90-100%-ды құраған. Ал дәстүрлі қатынастағы әйелдердің бар болғаны 40 % ғана төсек ләззатын сезінеді екен.

2. Лесбиан жұптар гетеро жұптарға қарағанда бірін-бірі аймалауға көбірек уақыт бөледі.

3. Лесбиандар қандай секс-ойыншықтарды пайдаланса да, олардың жағымсыз болғаны туралы өте сирек шағымданады, ал өз кезегінде гетеро-әйелдердің біршамасы ол ойыншықтардан кейін ауырлық сезімдерін жасырмайды. Бұдан лесбиандардың бірін-бірі қанағаттандыруы жоғары екенін білуге болады.

4. Лесбиандар төсекте өз жұбының жағдайын көбірек жасайды.Ал натурал жұптардың бұған аса мән бермейтінін жақсы білеміз.

5. Лесбиандардыңсекс-қиялдары өте бай келеді, олар рахатқа бөлейтін жаңа элементтерді жиі қосып отырады. Натуралдар мұндай жаңашылдығымен ерекшелене алмайды.

Жақында 771 лесби жұп және 3547 гетерсексуалды жұптардың арасында сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама қорытындысы бойынша гомосекусалды адамдар, секспен жиі айналысады, сондай-ақ, олар көбірек ләззат алатынын анықталған екен.

Лесби-көңілдес #1


Екеуміз әлеуметтік желіде таныстық. 

Басында аса әңгімеміз жараса қоймады. Ол мені жігіт шығар деп ойласа керек. Ашылып сөйлеспеді. Сосын ұялы телефонмен сөйлесіп, өзімнің қыз екенімді дәлелдеуге тура келді. Жасы – 28-де, бұрын тұрмыста болған екен, бір баласы бар. Екеуміз кешкі 7-де саябақта кездесейік деп шештік. Келдім. Ол да келді. Дүкеннен өзіне сыра сатып алды. «Қоғамдық орында ішуге болмайды» дегеніме құлақ асқан да жоқ. Екеуміз бір-екі сағат әрдеңенің бір басын шалып отырдық. Сосын ол ашық әңгімеге көшті. «Жақын жерден сағатына квартира алайық» деді. Мынау ұсынысына аздап таңданып қалдым. Мені қатты ұнатып қалыпты. Қарсы емес екенімді сезіп тұр. Қолымнан ұстады да, бес жасар баласын ерткендей, жетектей кетті.

Алыс ұзамай, жақын маңнан 2 сағатқа бір бөлмелі пәтерге келдік. Асықпай ішін көріп шықты, ал маған бәрібір, табалдырығынан аттаған күйі қатып тұрмын. Мені зорлауға алып келгендей... ол тағы да қолымнан жетектеп, диванға әкелді. Не істер екен дедім? 5 жылдық өтілі бар тісқаққан лесбиім ерніме жабысты. Жақсы сүйіседі екен. Сөзім жоқ, ары қарай өзім де ери бастадым. Сүйіп, аймалаған сайын жаным кіріп барады. Толықтай шешіндірді. Керемет к*ни жасап берді. Керемет деген жәй сөз ғой... ғарышқа барып келдім. Мен оған қайтармадым. Ұнатқан өзі, әкелген өзі міндетті емеспін деп шештім. 1-2 сағат алысып-алысып жалға алған пәтердің кілтін қожайынына тапсырдық. Сонымен бітті... кейінірек хабарласып тұрды, бірақ сұлу бикешіммен қайта кездесуге дәтім бармады.

понедельник, 24 июля 2017 г.

Лесбианның қоғамдағы қиыншылықтары (жеке басымдағы)


1.     «Ешкім білмеуі керек!»
Білсе, «қораға» кірдім дей бер!
А) Мұның ішінде, бірінші кезекте ата-анам, бауырларым. Олар мені түсінбейді және қабылдамайды!
Б) Достарым. (50/50) білетіндер бар және олар менен бас тартқан жоқ, айтпай жүргендерім «білсе, араласпай кетуі» ғажап емес деп есептейтіндерім.
С) Жұмыс орным. Бәрінің ойынша менің жігітім бар. Жиі айтып отыратын, тоқтаусыз хабарласып тұратын және мен оны, ол мені шексіз сүйетін. Ол адамның шын мәнінде кім екенін білсе, әріптестерім менен бастарын алып қашады, жарияға жар салады.  100% кепілдік беремін!

2. Өзіміз қалағанша өмір сүру, бірақ –  «жасырынып»...
«Жұмбақ бақыт» туралы естіп пе едіңіз?
Ілгеріде келтірілген мысалдар, жасырынудың бір белгісі, ал мынау қоғамнан жасырынып...
Қол ұстасып көшеде жүрмеу, көптің алдында құшақтамау... себеп – бізден жұрттар күдіктенеді. Бұл менің емес, оның ойы... Амал жоқ, жасырынбақ ойнаймыз...

3.     Білетін адамдардың «дұрыс өмір сүр» деген «ақылы»...
«Өмірдің мәні – дұрыс өмір сүру». Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Бақытты болу – дұрыс өмір сүруді басты көрсеткіші. Мен бақыттымн, яғни өмірді дұп-дұрыс сүріп жатқандығым... Өз қалауыңа қарсы шығу – өз қолыңды өзің шапқанмен тең екенін түсінбейді олар. Натуралдардың бәрі дұрыс өмір сүріп жатыр ма екен? Сұрақ?

4.     Қоғамнан шеттетілемін деген қорқынышшшшш...
Расымен, қорқынышты...
Барлығымыз қоғамымыздың бізді қабылдауға дайын емес екенін мойындаймыз. Амал нешік. Біз туралы білсе, бүгінгі қол жеткізіп отырған біраз жетістігіміз жоққа шығарылады. Қысым көрсетіледі.

5.     Отбасын құру – бақытқа бастай ма?
«Кәдімгі» отбасыны айтып отырмын.
Айналамыздағылардың барлығы «қашан күйеуге тиетінімді» сұрап қоймай жүр? Сіздерде де солай шығар. Олай бола қалса, бақытты болар ма екем?! Тағы бір – қорқыныш.
*Ал сіздердің бастарыңыздан қандай қиыншылықтар өтіп жатыр?


суббота, 22 июля 2017 г.

Бақыт құшағында... (лесбидің әңгімесі)


Астана. Әсем қаланың әсерлі кештері бірінен соң бірі сырғып өтіп жатыр. Айкен қалтафонын алып, Көркемнің нөмеріне ұзақ қарап отырды. Хабарласса кешегідей «шыға алмаймын» деп көңілін қалдырар ма екен?!

Есілдің жағасындағы бір-екі кездесуден кейін Көркем бұдан кәдімгідей қашқақтап жүр. «Сендей адамды өмірде көріп тұрғаным осы» деген. «Сендей» дегені – лесби. Амал нешік, Айкен сондай адам, өзін өзгертуге тырысқан емес. Көркем шошып айтып тұрған «лесбиандықтан» арылмайды. Ол мұнымен бірге туылған. Бала кезінде қыздардың ойынын жаратпай, ұл боп шыбықтан ат жасап, көлік құрап, темір-терсекпен ойнаған. Анасы көйлек сатып алып берсе, жылап, ешқашан киіп көрмеген. Енді, көңілі қаламаса қайтеді. Мұның өткергенін балалығын ешкімнің басына бермесін. Мектепке әрең дегенде юбка киіп барады, шалбарға рұқсат берген күні юбкасының қайда қалғанын ұмытып кетеді. Ұлдармен көбірек дос болды, солармен алысып-жұлысқаннан асқан қызық ойын жоқ. Қыздардың әңгімесіне қосылмайды.

Бір күні бөлесінің үйіне қонаққа баратын болды. Шамасы 8 сынып оқып жүрген кезі болса керек. Бөлесі Айгерім құрбысымен таныстырды. Көзі доп-домалақ, бетінде бірер сепкілі бар, аққұба келген қыз Айкеннің жанарына оттай басылды. Жүрегі дүрс-дүрс. Есімі  Асылай екен. Оны да 3-4 айтқызып жүріп, әрең есіне сақтады. Асылайдың сыңғырлаған күлкісі, көңілге жағымды қылығы бірден   баурап әкетті. Бұрын-соңды мұндай сезімді басынан өткеріп көрмеген Айкен біразға дейін өзіне не болғанын түсіне алмай дал болды.

Кітаптардан оқыған қимастық, бір көргенде туатын сезім деген сұрапыл дауыл осы болғаны ғой... Шынымен, қызды ұнатып қалғаны ма? Анасына тағы да бірер күнге қалатынан айтты. Бұған дейін осынша уақыт үйінен алыстап көрмеген. Махаббат буы бәріне көндіреді екен. Уақыт зымырап, ол күндерде лезде өте шықты. Жүрегінің төріне кіріп келген «ғашығын» осылай бірнеше шақырымдық ауылға қалдырып кете барды.

Асылайдың көмегі сол, мұның жұрттан өзгешелеу екенін айырып бергенінде. Өз жынысындағы жандардың жанына жақындау екенін ұқтырғандығында болып тұр. Бойында бір жеңілдік бар. Бірақ, ешкімге сыр білдіргісі жоқ. Жұртқа не деп айтады? Нәзік жандыларға деген ішінде жанып тұрған іңкәрлікке кім сенеді?
Неде болса, жан адам білмеуі керек деп шешті. Өмір бір орнында тұрған ба? Айкен ұнатқан неше қыз бұл тартқан азаптың сырын білмей кете барды. Тек бірнеше жыл бұрын бір қызды құлай сүйіп, артынан «жігітше» жүгіріп өзіне қарата алған. Қалай дейсіз ғой? Қиыын кезде қасынан табылып, әрдайым көмек қолын созып демеу болды. Ақыры бауыр басқанын байқамаған қыз, Айкеннің «ғашықпын» дегеніне қарсы келе алмады. Екі жыл уақыт жұптары жазылмады. Тәтті түндер, қызықты кештер, көңілді күндер.... Бірақ, сүйіктісі ілгерідегінің бәрін көтере алмаған сыңайлы. Басқа бір жанның бауырына барып тығылып, Айкеннің жүрегіне өшпес жара салды. «Кеткен қыз кетті» деген ойына өзін бағындырғысы келгенімен, жаралы жүрегі, аласұрғаны санасы көз алдына бейнесін жиі әкеле беретін еді. Бір жыл бақытсыздықтың кермек дәмі тамағында жүрді. Ақыры, баянсыз махаббатының бетін жауып, өмірінің жаңа парақтарын ашпаққа бел буды. Жаңа парақ Көркемнің есімімен жазылады ма деп үміттенген.
Көркемі ырық берер емес. «Қыз қалайша қызға ғашық болады?» деп қатты таңырқады. Не айтса да, басын алып қашты. Енді міне, тіпті кездесуге келіспей отыр.

Бір жұма уақыт Айкен ұнатқаны аруын көре алмай қатты қиналды. Кеше ғана тұрған жұмысына де ілініп-салынып әрең барып келді. Бүгін бар күшін жиып, соңғы үмітпен Көркемге қоғырау шалмаққа бекінді.
    Алло...
    Сәлем, халің қалай?
    Жақсы, рахмет, қолым тимей жатыр еді, сосын хабарласайык..
 Тағы да ашуын шығарған жауап.
    Жарайды, кешір мазаласам...

Оған не болған? Неге сөйлесуден қашады? Бірақ, не деу керек еді? «Маған да ұнап қалдың, жаным» дегені керек пе? Ол ешқашан болмайтын сияқты.
Ескі ой, таныс мұң Айкенді Есіл жағасына тартты, сырын бөлісер өзен сыр бермей өз жөнімен ағып жатыр. Балмұздақ сататын дүңгіршектің тұсына келіп, Көркем өзенге телмірер темір қоршауға сүйенді. Үстемдік еткен үмітке шын көңілмен бас иді. «Қайтпаймын!» деді іштен.

Ертеңгісін жұмыстан жылдамырақ үйіне келді. Жаны тыныш табар емес. Күнімен тыңдаған мұңлы әуен әлі құлағында тұр. Телефонын алып тағы да звондамақ.

Алмады. Не боп қалды екен? Қайта хабарласты. Абонент байланыс аясынан тыс жерде. Жүрегі қатты соғып кетті. Ұялы телефонының өшкенін енді көріп тұр. Қанша хабарласқанымен, тұтқаның ар жағындағы жағымсыз әйелдің даусы бір сөйлемді қайталаумен болды. Телефоны ертесіне де қосылмады. «Менен шынымен «қашқан» екен ғой» деп ойлады.

Үшінш күн. «Хабарлассам ба, әлде енді мазасын алмасам ба екен?» деп ұзақ отырған Айкен ақыры бір рет звондап көрейін деп шешті. Барып тұр. Анасы ауылдан келгендей қуанып кетті.
    Алло...
Даусы солғын шықты.
      Сәлем, Көркем. Қалайсың?
    Жаман емес, өзіңіз?
     Менде бәрі жақсы, неге өшіп жатыр телефоның? Бәрі дұрыс па?
    Иә, тек... ауруханаға түсіп қалдым...
    ...
Айкеннің жүрегі сыртқа атып шығардай соғып кетті.
    Не боп қалды? Қайда жатырсың?
    Жәййй...
Көркем айтқысы келмеді. Айкен дегенінен таймай ақыры, қолдарын оңдырмай күйдіріп алғанын білді. Қоярда қоймай жатқан ауруханасын сұрап, жетуге асықты. Жол жөнекей жеміс-жидек сатып алып, кіргізу уақыты бітіп қалмай жетіп алайын деп, таксиге отырды.

***
Солғын тартқан Көркемнің келбеті жанын одан сайын ауыртты. Үйде байқаусызда қайнаған шәугімді үстіне аударып алған екен. Артынан ешкім іздеп келмепті. Ескі танысын көргендей жылы қабылдады. Айкенге де керегі осы еді.
Екеуі отырып бір сағаттай әңгімелесті. Іші пысқан секілді. Бұрындағыдан да тұйықтала түскен бе, қалай?

Айкен бүгінгі үшінші күн келіп тұр. Көркем де бұның келгеніне кәдімгідей қуанатын болған. Әкелген жеміс-жидегін тартымбай алып қалады. Ертең шығарады екен. қолдарында тыртық қалатынын айтыпты.
     Ештеңе етпейді, әлі-ақ жазылып кетесің!
    Рахмет, сізге...

Ішінен қысылатын секілді. Көздерінде сұрақтар жүреді. Айкеннің бетіне сұраулы жүзбен қарайтын болған. Тағдыры көптеген азаптар тарттырған секілді. Үлкен адамдарша сөйлеседі, жаралы аңдай бірнәрседен жасқанады.
Бүгін ертерек келген, дәрігер қолын орап жатқанда үстінен түсті. Қатты күйіпті, аяқтарының да біраз жерін ыстық су шарпып өткен секілді. Жүрегі ауырып кетті.      Такси күтіп тұр... Дәрігер сізге рахмет!
    Мына дәрілерді алып уақытылы жағып, бинтпен орап жүріңдер! – деді дәрігер, Айкеннің қолына парақ ұсынып. Көркемнің заттарын жинап, оны ауруханадан алып шықты. Арқа сүйер адамы табылған ол да еш қарсылық көрсеткен жоқ.
Жалға алған үйі бір бөлмелі, қыл табылматын таза, қарапайымдылау екен.
    Мұнда қоя салсаңыз болады, – деп Айкеннің қолындағы заттарына орын тауып.
    Қасыңдағы қыздар келе ме? – деді Айкен. – Қолың ауырады әлі, ешнәрсе істеме, барып дәрі алып келейін, дұрыстап қарайық, тезірек жазылады. Мүмкін тамақ жасап берермін?
Көркем келіспеген сыңай танытқанмен, Айкен айтқанынан қайтпайтынын білетін. Тамақ жасап жүріп, сыртқа дәріханаға барып қайтты. Сүйген адамың үшін не істемейсің? Ең бастысы, ол бұған еш қарсылық көрсетіп жүрген жоқ, тіпті осындай адам табылғанына қуанатын секілді. Қуанбай қайтсын? Қиын сәтте көмек көрсетіп, жанын шүберекке түйіп, асты-үстіне түсіп жүрген жоқ па?
     Қыздар бүгін келмейді, олар басқа жақа көшіп жатыр екен... – деді Көркем.
    Көшкені несі, сен не істейсің?
     .... Осында қаламын!
     Айына неше төлейсіз өзі? Бәрін бір өзің төлей алмайсың ғой...
    Көрерміз...
Осымен бұл әңгіме қозғалмады. Біршама уақыттан соң.
    Егер қаласаң, мен келейін. Мен тұратын үйдің иесі шығыңдар деп жатыр еді – деп, Айкен өтірікті соға салды. «Келісер ме екен?» деген ой жымың ете қалды.

Көркем үндемеді. Тезірек жауабын алуға Айкен де асықпады.
Сағат тілі біразға барып қалған екен. Айкен уақыттың қанша болғанын білсе де, кетуге асықпады. Жақсы көретін адамы жанында отырғанда қайда асығады. Оның үстіне ол жалғыз.
    Түн болып кетіпті ғой, үйіңізге жетіп алыңыз. Рахмет сізге көп-көп!! Осындай сәтте демеу болғаныңызға...
Көркем шынымен разы дауыспен айтты. Айкен оның «қал» демегеніне аздап ренжіп те қалса да, «ештеңе етпес, ертең-ақ шақырмай келіп аламын» деп ойлады.

Түнімен екеуі де көз ілмеді. Көркем қорқынышты түстер көріп, мазасы қашса, Айкен сүйетін адамын әні-міні қолына қондыратынын армандап, өз-өзіне дән риза болып жатты. Әйтеуір, таң да атты-ау.

Күнімен Айкен Көркемнің жағдайын ойлаумен болды. «Не істеп жатыр екен?» «Бір жерін ауыртып алмады ма? «Тамақтанды ма?». Санасында мың сұрақ. Жұмыстан шыға сал, кешегі мекен жайға тартты. Жолдан дүкенге соға кетті.
Бол жолы Көркем Айкеннің келгеніне шынымен қуанды. Онысы күлімдеген көзінен көрініп тұрды.  Екеуі кешкі астан соң, Есілдің жағасына шығып, серуендеп қайтты. Дәл осылай Айкен қашан бақытты болып еді? Жанында өзі аңсап, армандаған адамы келеді. Екеуі үйге кіргенде сағат тілі 11-ге таяп қалған еді. Бүгін Көркем Айкенге «үйіңе қайт» демеді. Ұзақ-ұзақ әңгімеден кейін Көркемнің көзі ілініп кетті. Оның сұлу келбетіне тамсана қарап жатып, Айкен де бір сәт ұйқы құшағына бақытты жүзбен сүңгіп кеткен болатын.

Таң тамаша атты. Күн де керемет өтті. Бүгін Айкеннәі осы үйде жүргеніне төртінші күн болады. Көркем екеуі қосылып, үйдің ақшасын да төлеп, осында біразға қалатын болды. Бұдан асқан қуанышты жаңалық бола ма? Сүйіктісі енді жанында.

Тағы да ұзақ әңгімелесу. Бұл жолы Айкен Көркемнің жанына жақын жатты. Есінеп түн кіргелі екеуі талай-талай қызықты әңгімелердің басын қайырды. Тұйық боп көрінген Көркем ашылып, өткен өмірі жайлы, анада күткен жігіті туралы, отбасысы жөнінде айтып берді.

Бұл уақытта жарық сөнулі еді. Айкен Көркемнің дәкемен оралған қолын ауыртып алмайын дегендей жәймен ұстады. Сосын жанына жақындай түсті. Басында Көркем тартынғандай боп көрінгенімен, аса қатты қарсылық таныта қоймады. Айкеннің қолы дірілдеп тұрған мақпал ерініне жүгірді. Сол жұп-жұмсақ ерінді қалай сүйіп тұрғанын өзі де түсінбей қалды. Тұла бойын тоқ ұрғандай сезініп кетті. Басы бақыттан айналып барады. Сүйіс ұзаққа созылды. Көркем де күткен бақыты алдынан шыққандай құшырлана түсті. Айкеннің қолы жібек матадай жұмсақ тәнін сипап жатыр. Төмен түсіп, нағыз ләззатты сезіндіргісі келді. Бірақ оған асықпады, құлағын, мойнын сүйіп, аймалап, тәп-тәтті иісіне қанбай барады. Қою түннің қойнында екі қыз махаббаттың отымен жалындап жатыр...


пятница, 21 июля 2017 г.

Сен менің құшағымдасың...



Сен менің құшағымдасың...
Аппақ тәнің, мақпал ернің.... жібек матадай сусыған тәнің...
Тұла бойымды шымырлатып барады...
62 тамырым тулап, сені құшырлана сүйіп жатырмын. Бал тілің, тәп-тәтті иіс... Есімнен адастырған сылқымым менің...
Денемді шымырдатқан, жүрегімді шығарардай соқтырған даусыңңңңң....

Мен сенің барлық жеріңнен тоқтамай сүйе түсемін... сүйе беремін... сүйе беремін.
Қолымды күн тимес жеріңе салып, даусыңның одан сайын қатты шыққанын қалаймын.
«Тағы да, тағы да.....» «Жаным, доғармааа!»

Ақ төсекте алысқан қос ғашық... Екі қыздың ес кетірер құштарлығы.
Құмарымды баса алар емеспін...»
Түсімнен оянып кеттім... уфф жәй ғана түс!

Бейтаныс ару (лесбидің сыры)

***

Айкен күнімен үйде болып әбден іші пысқан еді. Ескі махаббаты санасының жұлым-жұлымын шығарды. Езілген жүрегіне ем таппай әлек. Қалайша мұны тастап, басқа қыздан бақыт іздеді екен? Миына сыймайды. Қаңтарған қайғыдан арылайын деп телефонын алып, ары-бері шұқылап, ескі таныстарына хабарласа бастады. Сондағы ойы әңгімелесіп, ойын аударатын жерге барып қайту. Қазірде ешкімнің де уақыты жоқ, адамдар бірін-бірі іздеуден қалған. Айкен 3-4 танысына хабарласуға тырысып баққан. Бірақ, ешқайсысы мұның звондап тұрғанын аңғармады ма, тұтқаларын көтере қоймады.

Айкен өзінің достарының тым азайып, тіпті мүлде қалмағанына іші ашыды. Бұрын соңды бұл нәрсеге мән бермеген екен. Күңгірт ойдың тұнығына түсіп кеткен кезі. Телефоны безілдеп қоя берді.
       Алло, а Нұрсая қалайсың?, хабарласып ем алмадың ғой..
       Сәлем Айко, ренжімеш, көрмей алыппын, не жаңалық боп жатыр?
       Жә, тыныш бәрі, қолың бос па? Сыртқа шығып жүріп қайталық, таза ауа жұтып дегендей..
       А қазір тез душ қабылдап алайын ендеше....
Сыныптасының келісе кеткеніне қуанған өзі де тезірек жинала бастады. Ол мұның үйіне екі көше алыс тұрады.

Астананың салқын кеші. Жаз мезгілі болса да елорданың салқын ауасы адамдарды жылы киінуге мәжбірлеп қойғандай. Есілдің жағалауында кешқұрым серуендеген халықтың қарасы көп. Қол ұстассқан ғашықтар, итін ерткен қала тұрғындары, орындықтардағы әңгіме соғып отырған қариялар, бала-шағасын ерткен жұбайлар.. Бәрі осында жүр. Екі сыныптас хал сұрасудан бастап, балалықтың қызықты біраз әңгімесін айтып мәз болысты.
Айкеннің көзі оқтын-оқтын өзен жағасындағы темір қоршауға сүйеніп, жалғыз тұрған қызға түсті. Қанша уақыт өтсе де тұрған орнына тапжылмайды. Қос жанарын ерке Есілдің бетіне аударған. Анда-санда ұялы телефонын алып, біреуге хабарласқысы келетіндей.

Осы уақытта сыныптасының телефоны шыр ете қалды. Тұтқанын арғы бетіндегі адам сыныптасына тезірек келу керектігін айтып жатыр.
       Бәрі дұрыс па?
       Ой, үйдегі құрбымды жедел жәрдем әкеткен секілді, тезірек барайын, ренжімеш, тағы бірде ұзағырақ отырармын.
       Ештеңе етпейді, байқап жүр, хабарласамыз ғой...

Айкен сыныптасын шығарып салған соң, батылданып, әлгі қыздың жанына жақындағысы келді. Сылтау іздеп тұрғанда біраз уақыт өтіп кеткен секілді. Бейтаныс қыз сонда да тұрған жерінде қатып қалғандай.Айкен амалын таппай жай ғана қасына жақындады. Қара бояумен, ою-өрнекпен көмкерілген темір қоршауға сүйенді. Есілге ұзааақ қарады. Ойы соғыс алаңы секілді. Не айтса болады? Қалай сөзге тартады? Ақыры бірнәрсе деуге батылы жетпеді. Бір метр ары тұрған қыз бұрылып кете барды. Жанарында тұнған мұң. Өзі секілді қайғы-қайығы өмір өзенінде шарасыз қалтырғандай. Бейтаныс сұлудың келбетінде мұғ сызаты өзіне тым таныс көрінді. Көзімен ұзатып салып, өзіне ашуы келді. Бірақ не деп танысады? Қалай сөзге тартады? Жігіт болса бір сәрі. Ертеңгісін де осы араға келуге бекінді. Мүмкін тағы келер...

Астанаға келгелі бір ай өтсе де жұмыссыз жүргені жанына батады. Ата-анасы жіберген ақшаны жаратып жүр. Бүгін тағы ескі махаббаты ақылының астан-кестеңін шығарып, мазасын алды. Жұмыс іздеп бірлі-екілі жерлеге хабарласып көрген ештеңе өнбеді. Асыға кешті күтті. Мақсаты –  Есілдің жағасындағы «мұңға оранған» бейтаныс қызды кезіктіру.

Сағаттың тілі әрең дегенде 7-ге барып тірелгенде үйден атып шыққан Айкен жағалауға қалай тез жетіп келгенін сезбей қалды. Қыз жоқ. Ары-бері іздеді, жоқ.
«Енді көру бұйырмас пе екен?» деген түлкі ойы қылаң бере қалды.
Күнімен күткені зая кетті ме? Бір сағаттай уақыт іздеп шарқ ұрды. Таппады. Жоқ.  Көңілі түсіп кетті. Жер шұқып тағы ұзақ отырды. Көзі темір қоршауға түсіп кеткен еді. Жүз жыл ізздеген бақытын тапқандай жанары жайнап сала берді. Кешегі сұлуы тұр. Бұл жолы көп күткені қамшы салды ма, әйтеуір жылдам жанына жетіп барды. Бірден сәлемдесті. Бейтаныс ару бірінші бұған мән бермей, «бірнәрсе дедіңіз бе» деген кейіппен қарап тұр.
       Қайыққа міну қанша екен? Білмейсіз бе?
       Жоооқ, білмейді екем.
Даусы неткен жағымды. Құлаққа майдай жағады. Бірақ, кешегі мұңлы кейпінің табы кете қоймаған.

Айкен ары қарай әңгімені қалай жалғарын білмей дал. Осы жерден тоқтап қалса, жүрегіне жол тартқан мына жаннан мәңгілікке айырылып қалардай. Қайтсек керек? Сан сұрақтар санасында құйын болып жатыр.
Амалын таппай үнсіз қалған, бірақ қасынан кете алмады. Ол да бұған аса мән берген жоқ. Қайғысын арқалаған күйі өзеннен көз алмай қатып тұрды...

«Шынымен де басына не іс түсті екен?» деген ой Айкенге маза бермеді.
       Неге қайғырып тұрсыз?
       Ау?
       Неге қайғырып тұрсыз екен?
       Жәәәй, ничегооо, мән бермеңіз.
       Балмұздақ жейсіз бе?
       Жооқ, рахмет.

Тағы да үзіліс. Айкен тығырыққа тірелді. Енді ары қарай бейтаныс қызды сөзге тартудың ыңғайы болмайтынын көзі жетті. Қыз телміре телміре көзі талды ма, аяғы ауырды ма қайтуға ыңғайланды.
Діттегені болмаған Айкен болса, көзі мұға толып қала берді.
«Ертең де, келем!» деді іштен.

Жаздың жаймашуақ кеші. Жағалауға жиналған қарақұрым халық. Кеш кіре Айкен жүрегін жаулаған кейіпкерді көруге асығып жетті. Қанша күтсе де ару қыздың бейнесі көрінбеді. Арлы-берлі өткен адамдарға жаутаң-жаутаң қараған жанары жер сүзіп қалды. Келмеді. «Енді қайдан табамын?». Жауабы жоқ сауал санасында тұрып қалды.

Түні бойы көз ілмей, бейтаныс қыздың бейнесі көз алдынан кетпей қойды.
«Оның жүрегіне жол таба алмайтын секілдімін, натурал сияқты. Қайтсем екен? Туффф.... Жігіті тастап кетті ме екен?». Ой... ой... тағы да ой... Сананы мың сілкіген ой...

Бүгін кейіпкерін жоғалтқанына үшінші күн. Бүгін келмесе, ойымнан шығарамын деп бекінді Айкен.
Жағалаудың айналасын шарлап шықты. Тағы да жоқ. Бір уақытта қасынан әңгімелескен екі қыз өте бергенде... оның бірі өзі іздеп жүрген бейтаныс аруы екенін танып қалды.

Артына бұрылып, жылдам жандарына жетіп барып:
       Сәлем! – деді.
Құрбысы бейтаныс аруға қарады, «таныйсың ба?» деген кейіппен...
       Сәлем.
Бұл бейтаныс жанның жауабы. Басында танымағандай кейіп танытқанымен, кейін есіне түсірген секілді.
       Халің қалай?
Бұл жолы «сіз» деп сызылып тұрмады.
       Жақсы, рахмет, өзіңіз?
       Осындай!.
Бұл Айкенннің шаттық ескен жауабы еді.
       Көрінбей кеттің ғой..
Сұрақты дұрыс қоймағанын сезіп, Айкен сәл кідіріп қалды.
       Жәй қол тимей...

Бейтаныс аруы құрбысынан қысылды ма селсоқ жауап қатты. Айкеннің оған ренжуге еш себебі жоқ еді. Танымайтындығы бар, сыртынан сүйіп, күнде іздеп келіп жүргеніне оның еш кінәсі жоқ. Қастарына еріп жүрудің ыңғайын таппай, «Жарайды, сау бол!» деп қала берді. Сәл аяңдап, арттарынан еріп отырды. Оны құрбысы байқамады. Ал бейтаныс ару бір-екі рет артына бұрылыңқырап қарап, келе жатқанын анық аңғарды. Кеш осымен аяқталды.

Айкен ертеңгілік тағы да бейтаныс сұлуын аңсап, армандаумен болды. Жұмыссыз жүргені тіпті ойына кіріп шықпайды. Кешкілік тағы келді.
Іздеген аруы бұны күтіп тұрғандай ертерек келіп алыпты. Сол балмұздақ сататын дүңгіршектің тұсы Айкенге ыстық болып қала беретін шығар.
       Сәлем.
       Сәлем.
Бұл жолы екеуі таныс адамдарша амандасты.
       Сіз мені неге аңдып жүрсіз? Соны білгім келеді?
Бүгін ерте келуінің себебін енді түсінді Айкен.
       Іімм... бірінші көрген күні қатты қайғырып тұр едіңіз.
Қайтадан «сіз» деп кеткенін білмей қалды.
       Іммм...
Айкен не айтарын білмеді. Ұнап қалдың деп қалай  айтпақ?
       Балмұздақ жейсіз бе?
Тағы орынсыз сұрақ.
       Жоқ, негізі мен... біреуді күтіп... келемін деп келмеді...
Мұңға толы дірілдеген дауыс, Айкеннің жүрегін тіліп өтті.
       Ол енді келмейді! – деді Айкен. Даусы қатқыл шықты, ыза бар секілді.
       Білемін...
       Жігіт пе еді?
       Жігіт болғандаааа... иә, жігіт...
Бейтаныс қыз ештеңе ашып айтқысы келмейтіндей. Жарайды, жігіті құрсын деді Айкен ішінен.
       Менің есімім Айкен...
Өзен жақтан көз алмаған қыз атын айтуға асықпады.
       Көркем...
       Қуаныштымын. Келмеген жігіт келмесін, мұңая берсең ерте қартаясың...
Көркем десе көркем еді. Мөлдіреген көзі, үлбіреген ерін, құйып қойғандай келіскен мұрын, қап-қара қас осының бәрі Айкеннің секундта көз алдынан өте шықты.
Шынымен ғашық секілді.
Екеуі әрдеңені айтып, ұзақ тұрды. Сөйлесе берсе, бейтаныс аруының ашылатынына көзі жеткен Айкен шындап кірісті.
       Жарайды, менің кетуім керек. Қараңғы да түсіп қалды. Үйдегілер іздеп қалар. – деді Көркем.
Осы уақыт мәңгілік қатып қалса деп тіледі Айкен. Неде болса, ақыры танысты, сөйлесті. Көңіл құсы бақыт мекенін айналып жүр.
       Ертең де әлгі жігітті іздеп келерсің – деп күлді Айкен. – шықсаңшы, әңгіме айтармыз.
       Көрейін... бейтаныс ару жылы жымиды.
Айкен жүрегіне жол тартқан арумен тілдесіп, қуаныштың тәтті әлемін жол тартып, қимай шығарып салды.
Енді ертеңді асыға күтеді.

«Не ойлады екен? Келмей қалса не істеймін? Қалай жүрегін жаулаймын?» тағы да санасында сексен мың сұрақ сенделіп жүр... бастысы, мақсаты айқын – қалай да Көркемнің жүрегіне жол табу.... 
"(жалғасы бар)


четверг, 20 июля 2017 г.

«Леcбuaндық» ауру емес... (мені қатты ызаландырған адамға айтарым...)

Біздің елімізде «гей» немесе «лесби» деген сөзді естіп қалса, жағаларын ұстап, «құдай сақтасын» деп кемсітіп кететіндер жетерлік. (Құдайдан өздері сақтана берсін) Олардыкы дұрас-ақ. «Олар ауру», «түбімен құрту керек» деп қолдарына найза алып, жауға шабардай ызаланады. Ызаланып, сыртымыздан ашуланып, тіпті қарғап-сілер, сосын.. сосын қояды, қайда барар дейсіз.

Бізді ауру дейтіндерге:

«    – Алло, Сауле, Манзуровна мен бүгін де жұмысқа бара алмайтын сияқтымын.
       Әлі жазылмай жатсыз ба?
       Иә, лесбияндығым жазылар емес)))»
Менің ақылым дұрыс. Бұрын соңды жындыханада болып көрмедім. Сізде де солай шығар? Көрдіңіз бе? Бірдейміз.

Мен қызбын және қыздарды ұнатамын. Ал сіз? Натуралсыз делік... сізге ер адамдар, немесе ер адамдарға әйел кісілер қалай ұнаса бізге де солай. Кәдімгі махббат. Сүю, сағыну, аңсау, іздеу... біп-бірдей... сіздерден басқаша аңсамаймыз, сіздерден басқаша, өзге ғаламшарлық секілді сүймейміз, дәл сіз сияқты жақсы көреміз.... сіз сияқты... ұқсастық, байқадыңыз ба? Сонда да қарсы шығып жатырсыз ба? Жарайды, түсінбесеңіз, түсінуге итермелемейміз.
Расымен, бізге қарсылық бідіретіндердің барлығы түсінуден қашатындар, мүмкін қорқатындар. Түсініп көрсе, өзін «лесбиан ауруына» шалдыққанмын есептейтін болар...

Ауру, сырқат деген не екенін біз бен сіз жақсы білеміз. Алла, кесірден сақтасын. Басыңыз ауырып тұр ма? Көзіңіз ауыра ма? Ауру деген осы. Кешіріңіз сізге қатты тиіп кетті ме? Дәрі ішіп алғаныңыз дұрыс болар. Ал біздің еш жеріміз ауырмайды.

Бұл жолды мен өзім барып, таңдап алған жоқпын. Бұл менің ішкі жан дүнием. Бұл – мен. Бұл – өмір. Мен жүрегім қыздарды қалайды. «Уаиуюкои» ой, ой ұрыспаңыз...  бәрі дұрыс. Солай ма?

Кешіріңіз... мені молдаға апару керек дейсіз бе? А айтпақшы, мүмкін молда да ге* шығар... 

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...