среда, 9 октября 2019 г.

Лесби-көңілдес #11



(#10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот салған шығар? Бірақ, мен сені жақсы көруді бір сәт те тоқтатқан емеспін. Санамда болып жатқан әртүрлі проблемалар соғысында да сол сезімнен күш алып, келешекке сенім ұялатамын. Сен көңіл-сәбиін жұбатушысың, сен күрең күндеріме Күн сыйлаушысың... Қысқасы, сен келетін болдың... «Келші, келші» деп жүріп, тым жақын қалғанда нақты бір жауабыңды алдым. Құдай-ау, сенің жауабың барлық пойыздағы билетті  тауыстып барып келді ғой... «Шешінген судан тайынбас» дегендей, келем деген адам ұшақтағы бизнес-классты да жат көрмейді... Хе-хе. Күн санап, сағат қарау деген дертке шалдыққаным осы. Қиял-құсым баяғыда сенің бейнеңнің соңынан кеткен. Оның құдіреті болса, сені қазір-ақ қасыма алып келуші еді... Күнде ұрыс, түнде ұрыс... Әйтеуір, телефон сыртында көп шақыстық. Ештемеге қарамай, сені күтуімді жалғастыра бердім. Сол күн де жетті. Ендігі пәтерді екі сағатқа емес, екі күнге алдым. Бұл жолы ләззаттың тойын тойламай қайтпауың керек (деп ойлағанмын, негізі).

Қасыңда құлай сүйген адамыңның жатуы – бұған дейін болған ұрыс-шайқастың сызатын өшіріп жібергендей. Жанарымыздағы жалын бір-бірімізге деген махабатымыздың мызғымас шырағы. Сол сияқты денеміздің оттай ыстық болуы да сол құдіретті сезімнің сыртқы факторы.

Ақ тамағыңнан бір емес мың иіскесем де тоятын мен жоқ. Сені аймалаудан, сені құшырлана сүюден, сені сезінуден, сенің деміңнен күш алудан асқан бақыт жоқ шығар. Мынау пәтердің жатын бөлмесіндегі диванның қаншалықты, қытырлап-сықырлайтынын білмеймін, бірақ ол енді бізбен бірге жақсылап ән салатын болады) Тек үстінде алысқан қос ғашықтың дүлей күшіне шыдас берсе болғаны...

Ерініңнің бал дәмін тату дәл маған бүйырғанына шүкір, иә... менің де ернімді көкергенше тістеу саған бұйырғанына да қуанышты боларсың)) Сүйісудің түрлі сатысынан өтіп, ақ тамағыңа қарай жылжи түсемін, сен де «сүйе түс» дегендей, көзіңді жұмып, басыңды көтердің. Мен сүйе отырып, тәтті иісіңді ішіме жұта беремін... Қолдарыммен жібек матадай үлбіреген денеңді сипалап өтем. Жұмыр жердің барлық ғажайыптары менің аймалап жатқан адамымда жатқандай... сенің үстіңде, сенің астыңда... Ыңырсыған дауыстар... Қара түнді қақ жарып, алыстағы Айға естілердей...
«Қайшыласып», жай сұрасып, ағыл-тегіл қара терге түсіп, тоқтаймыз... Сарыла күткен сағынышқа берілген тамаша жауап бұл... Тез аяқтап, тағы сенің тамырыңды баспадық... Ішіңнен не дедің екен?

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...