среда, 31 октября 2018 г.

Лесби-көңілдес #9




Бұл біздің 3-кездесуіміз. Сол секілді бұл алдыңғылардан ерекше. Себебі, жеке қалып, бір-бірімізді толық танып, сөйлесіп және бір нәрсемен айналысуға уақыт жеткілікті. Осы күнге де жеттік-ау. Сіздің жылы жымиып отырып айтатын әңгімеңізге баяғыда еріп кеткенмін. Мынау төсекті қарт атамның бетіндегі әжіміндей ететін, мынау кереуеттің өмірге келгеніне өкіндіретін сәт таяды. Сіздің ерніңізді жаймен сүйіп, қолымды кофтаңыздың ішіне жіберіп, өзіме тарттым. Ұзақ сүйістен соң, мойныңызға көшіп, иісіңізді бір жұтып, әрі қарай сүйе түсемін. Құлағыңызға жақындаған сәтте, денеңізді бір жиырып алдыңыз. Сезім де «құлақтан кіріп, бойды алатын» құдіретке ие. Бұл сізге анық ұнап жатыр. Бізге кедергі болған киімдерді шешіп тастап, үстіңізге құлай кетемін. Төсіңізге түсіп, тілімді айналдырып, тістеп, екіншісін умаждап, жаным қалаған және жаныңыз қалаған жұмыстың бәрін жасап жатырмын. Бір жеріміз дымқылдана түскен секілді. Оны қалай елеусіз қалдырамыз? Бірінші қолым барып, мән-жайды біліп келеді. Содан соң, әрі қарай  өршелендіре сіздің үніңізге үн қоса түсеміз. Сіздің қимылыңыз, менің қолымның қимылынан да тез секілді)) «Тоқтатпа!» Әрине, тоқтатпаймын... Терлеген сияқтымыз, сіздің даусыңызға кереуетте қосылып жатыр.  
Алысу, берісу, сүйісу, мен қалайтын, сіз қалайтын позалар... Ұзақ, өте ұзақ сек*с...

четверг, 26 июля 2018 г.

Лесби-көңілдес #8



Тағдыр бізді бекер таныстырмаған шығар. Мен сенімен тоқталатын болып шештім. Енді біздің төсек қатынастарымызда атау болады. Қалай дейсің ғой?
1-кездесу

Мұны кездесуден гөрі, төсектегі алысу деп өзгерткен дұрысырақ шығар. Сонымен, қалай алыстық? Алдымен бір-біріміздің сыртқы келбетімізге көз жүгірту орын алды. Иәә, алма мойын, қиғаш қас деген тіркес дәл саған қатысты секілді. Мойныңда тұрған меңің «мені сүйші» деп шақыратындай.  Асықпааа, қалқам. Сүйріктей саусақтарыңды ары-бері бұлғап әңгіме айтқаның қандай. Даусыңды айтшы, құлаққа майдай жағады. Күлкің шее? Бір ғанибет, тағы күле түссе деймін. Жанарыңды айналаңа, арасында маған тастап, сұрақ қойып, оған өзің де қосымша жауап беріп, жылы жымиып отырсың. Қой көп созбайын. Содан не керек, бастайық деп шештім. Әрине, оны ішімнен айттым. Басталды. А жоқ, дұрыстап айтайын, әлгі ары-бері бұлғаңдап отырған қолыңды жай ұстап алдым. Жақындай түстім. Тура мойныңа қарай. Есімді алған әлгі меңіңді бір сүйіп кетпесем болмас. Бірақ, кете қоймадым. Жаймен мойныңды сүйіп, қолыңды өзіме тартып, икемдей түстім. Өзің де түсіне қойдың. Әрине, қарсы емессің. Жайлырақ төсекке барайық. Отырдым. Отырдың. Дәл қасыма. 

Мен бұл жолы ерніңе қарай жақындай түстім. Көзімді жұмдым. Сен де жұмдың (білмедім, жұмған шығарсың). Тәп-тәтті ерін, кәдімгі бал қосқандай тәтті. Әлде далабыңның дәмі ме? ал қолым сенің кофтаңның ішіне жылжып, аппақ денеңді аймалай түседі. Шешші, құрсын. Шештің. Өтінем, іш киімді де шеше салшы. Ішімнен өтінгенім болмаса, өз қолыммен ағыта салдым. Лақтыра салмай, жаймен арырақ қойып, өзіміздің ессіз ісімізге қайта бастық. Мен де шешіндім. Сенің мынау балғын денең менің сүйіп, аймалағанымды қалап тұрғандай. Қос анарың қандай. Даусың шыға бастады. Бұл аймалауды к*ни-мен бітіргенім дұрыс шығар деп шештім. Қолымда апарсам, әбден суланып дайын тұр екен. жақындай бастағаннан, қарсылық білдіргің келді. 

Бірақ, оныңнан әрине түк шықпайды. Интернеттен көріп алған амал-айламды қолданып, сенің даусыңның ең керемет сәтін естіген сияқтымын. «Тоқтата көрме!» деп жалына түсесің. Жылдам жасап, бітіргеніңді қалап тұрмын. Әйтеуір, денеңді бір жинап, жіберіп қиналып жатқаныңда бітіргеніңді сездім. Өзім де шаршаған сияқтымын. Төмен жағымнан ток соғып өткендей болды. Сондай да бола ма? мені өзіңе тартып, сүйіскің келді. Сүйістік. Ұзақққ....

понедельник, 12 марта 2018 г.

Лесби-көңілдес #7


Оның жасы бар болғаны 18-де. Біздің көпқабатты үйдің астындағы дүкенге сатушы болып келгелі көп болған жоқ. Жұмыстан қайтқан сайын, соғатын дүкенім ғой. Бастапқыда сатушы тәтенің қызы екен деп ойлағам. Бірақ, олай емес екен. Жаңадан жұмысқа тұрыпты. Маған жақтырмай қызмет көрсететін, қара торы, ұрысқақтау тәтемнен құтылғанға шын қуандым. Бұл қыз келгелі әр күн кешке міндетті түрде дүкенге зат алу үшін кіретін болдым. 

Томпақтау келген, орта бойлы, жүзі жылы, бірақ кешірек шаршаңқы тұратын оның даусына есім кетті. Өте жағымды. «Сәлеметсіз бе, сізде барлығы мынанша теңге болды, келіп тұрыңыз» дейді жұмсақ үнімен. Назды даусын естігім келіп, қайта-қайта бір заттардың бағасын білсем де сұрай беремін. Осылайша, бір айдай уақыт өтті. Жақсылап танысып алдым. Өтірік бір заттың дүкенге келгенін-келмегенін білу мақсатында нөмерін сұрап алдым. Берді. 1-2 рет звондап көрдім. Керемет үніне тоймаймын. Телефонды қоймаса екен деген бір ғана тілек болады. Қиялданып, ләззат алғандағы үнін елестететінді шығардым. 

Бір күні барсам, жүзі солыңқы мазасы жоқ секілді. Ауырып тұр. Дәріханаға бара алмай тұрғанын түсініп, керегін әкеп бердім. Осылайша оның сеніміне кіре бастадым. Менің ойым тек оны пайдаланып кету емес, әрине! Бірінші адамгершілік! Түнге қарай телефон соғып, халін сұрадым. Даусы тым нашар. Жақын маңайда тұрады екен. Үйіне апардым. Ол менің жанұшырып, қасында жүргеніме риза секілді. Рахметін айтты. Осылайша екеуміз жақын араласып кеттік. Бірақ менің құрғыр ойым, оны төсекте көру. Әңгімесін байқасам гетеро сияқты. "Еххх" деймін. Менің қасымдағылар 3-4 күнге жан-жақа тарап кетіп, үйде жалғыз қалдырды. Бірінші, екінші күні оны үйге шақырғым-ақ келді. Жұмыстан шаршап шыққанын алға тартып, келесіге қалдыра берді. Ақыры, келісті.

Жұмыстан ертерек шыққан күні. Үйге келді. Тек үні емес, қимылы да жұмсақ. Шәй ішкені қандай. Ұялып отырған сияқты. Айналасына тағы біреу бардай қорқа қарайды. Жанарынан көзімді алмадым. Бір нәрсені сезді ғой деймін. Алдында лесби дегендерді түсінбеймін дегені бар. Жарайды, түсіндіретін сәт таяп тұр. Телефоны шыр ете қалды. Ар жағында жігіттің даусы. Ашуланып кеттім. Ол менікі болмаса да қызғанып қалдым. Бір рет болса да, тәтті ернінен сүйгім кеп барады. Жігітке не деп жауап бергенін білмеймін, өз қиялыммен алысып кеттім. Тезірек телефонын қоюға асықты. Кеткісі келіп тұр ма, қалай? Өз ойымнан өзім шошып кеттім. Әрине, жібере салатын мен емес. Сосын әңгімеге алдандырып, жатын бөлмеге алып бардым. Шәй де ішкем жоқ. Құрсын. Бал татқан нағыз "шәйім" алдымда тұр. Бұл кезде түннің біршама уақыты. Осында түнеуге ұсыныс айттым. Үйі жақын жерде екенімен жұмысым жоқ))) Әрине, келіспеді. Ішін пыстырмайтын қызықты әңгімелер айтып, көңілін аулай бастадым.

Диванға шалқадан түсіп жаттым. Ойым: «ол не істейді екен?». Отырды. Жымиды, күлді, менің әңгімем оны күлдіртпей қоймайтынын білем. Қолынан ұстадым. Түсінбей қалды. Өзіме тарттым. Тартыла қоятын ол емес. Атып тұрғысы келді. Ал мен жібергем жоқ. Менің ойымды анық түсінді. Жарықтың аздап ойнайтыны бар еді, бір өшеді, бір жанады, тура бір ужастик фильмдегідей (өзімді де талай шошытқан еді). Қорқып кетіп, атып тұрды. Онымен қосыла тұрған маған қалай жақындап қалғанын түсінбей қалды. Ал мен тарс етіп құшақтап алдым. Енді менің құшағымнан шығып көрсін. Иіскедім. Мойнына жақындап сүйе бастадым. Тартынды. Жоооқ, алтыным, тартынба!!! Ерніне қарай, жақындай түстім. Жұп-жұмсақ, ып-ыстық. Тұла бойым шымырлап кетті. Жәйлап сүйе бастадым. 

Өзі не істеп тұрғанын түсініп тұрған жоқ. Мені енді сезіне бастағандай. Сүйіп жатып шешіндірдім. Екі омырауынан сүйіп, елірте бастағанда барып, аздап даусы шығайын деді. Түүүүф не деген ғажап үн! Ендігі төмен қарай түстім. Аздап қарсылық білдірді. Кешір, жаным, бол жолы қарсылығыңа қарайтын мен жоқ. Бәрін шештім. Қымсынып, аяқтарын жинап алды. Сонда да сүйе бастадым. Кіндігін сүйіп, төмен қарай жылжи бердім. Ақыры жеттім-ау. Менің тілімнің шамасы оның құмарын қандыруға анық жетеді. Суланып кеткен екен (дәмі де ғажап). Ол ақыры бітірді. Содан кейін аздап үзіліс орын алды. Менен ұялып басқа жақа қарап жатыр (осылай беріле салам деп өзі де ойламаса керек). Мен негізі шешінгенім жоқ. Үстімдегі жұқа кофтаны сыпырып тастап, денемді денесіне тигізіп, артынан құшақтап жаттым. Біршама уақыттан соң, «үйге кетейін, түн болып кетті» деді. Өзімнің құмарым қанбағанына түк те ашуым келмеді. Ештеңе етпейді. Тек сенің тамаша даусыңды есту бақыты бұйырыпты. Сен өте керемет жансың!



суббота, 10 марта 2018 г.

Лесби-көңілдес #6



Иәәә, басым бос емес, білемін. Бірақ, тағы бір ұрыстан кейін, клубқа кеттім. Жападан жалғыз. Талай қызға көзімді сүзіп шықтым. Достарымен, құрбысымен, сүйіктісімен, әйтеуір менен басқасының бәрі бақытты. Жүздерінде күлкі, қолдарында шарап, тоқтаусыз әңгіме. Өстіп отырғанымда екі-үш үстелден кейінгі орынға үш қыз келіп жайғасты. Екеуі «жұпта» сияқты, ал үшіншісі байқаймын, аздап ыңғайсызданып отыр. Шашы иығына түскен, жанарын айналасына тарта қарайтын, ұяңдау, келіскен өңді қыз екен. Мүмкін бұл жерге бірінші рет түсіп тұр, әйтеуір үрке қарап, тобынан адасқан балапанша отыр. Қос ғашық шарап ішті, жабысты, биледі, ана байғұсты түк көзге ілмейді. Ал ол шама-шарқынша өзін-өзі көңілдендіруге тырысып бағуда. Бар өнерін би алаңында көрдім. Қимылы келісті, биші боп туылғандай.

Аса биге жоқ болған соң, басында тартынып тұрғам. Сосын ішкен шарабым әсер етті ме, жақындап, билеуге ыңғай таныттым. Айналамдағыларға қалай билеп жатыр екен деп қарап қоямын. Бұл ебедейсіз қимылдамаудың амалы. Әйтеуір, бір әнге шамам әрең жетті. Бар білген биім де осымен тәмәм. Қасындағы құрбылары жоқ, орнына жалғыз барып отырды. Осы сәтті қалайша құр жіберейін. Шарап ұсындым. Бас тартты. Көлік жүргізеді екен. Аздап әңгімелестік. Ұяң болған соң да ашылмай отыр. Ақыры, бірге ішуге келісті. Жадырай бастады. Құрбылары келіп, аң-таң. Қатты көңілім кетіп отырды. Күлген сайын, төбем көкке жетеді. Бірге билеуді ұсынды. Қыпша белінен ұстап,  жақындап тартып биледім. Демін сездім, шынымен есім кетті. Менің тынысым тарылып бара жатқанын, сезді ма деймін, өзі де ерекше кеш өткізгісі келді ме, сыртқа шығуға ұсыныс айтты. Қатты музыкадан анық естімесем де, сондай бірнәрсе екенін ішім сезеді. Қолымнан ұстады да, сыртқа алып шықты. Қыстың қақайған аязы да бізді тоңдырған жоқ. Көлігіне алып келді.

Маған да керегі осы. Алдыңғы орынға отырдым. Ол көлікті жарық түспейтін қараңғы жерге алып барды. Спирттік алкогольге тойып алса да, көлігіне аса сақ қарайды екен. Мен расымен күтпедім, орындықты артқа жіберіп алдыма отырды. Сүйе бастады. Екеуміз өмірде сүйіспегендей жабыстық та қалдық. Қолымның қайда кетіп жатқанын білмейін. Мақпалдай жұмсақ денесін аймалап шықтым. Иісіне еліртіп жатырмын. Көкірегін сүйіп, (тіліммен ойнап дегенім дұрыс шығар) талықсытып, 62 тамырын тулаттым. Қолымды күнтимесіне салып, ырғағын одан әрі жалғастырдым. Өзі де бір екпінмен қимылдап құштарланып барады. Ақыры, оргазмге жетті. Енді менің жағдайымды жасауға көшті. Бұрын-соңды қызбен болғанын-болмағанын білмеймін, бірақ басымды расымен айналдырды. Мен өмірді ұмыттым. Тек қана ол. Көлік ішінде алысып-алысып, ақ тер көк терге түсіп, қайта клубқа кірдік. Тағы да шарапты "қайталаттық". Күлімдеген өңінен көзімді алмай отырғанымды білемін. Сосын ары қарай не болғанын есімде қалмапты. Таңда оянсам, керемет се*ске куә болған көліктің алдыңғы орындығында жатыр екенмін. Бейтаныс аруым да қасымда. Бірақ, есін жиған соң, тағы ұяң қалпына түсіпті. Аздап ұялып отыр.


пятница, 9 марта 2018 г.

Лесби-көңілдес #5



Неден бастасам екен? Бір қызға басым айналып, бірге жүргеніме жарты жыл. Бірақ, ол менің көңілдесім емес. Басы тәтті басталды. Сосын сол баяғы ұрыстар көбейе бастады. Ал менің көңілім бір сұлу қыз болса болды, анық көтерілмек. Амал жоқ, қолыма шам ұстап жорыққа шықтым. Вконтакт-де жалған парақша ашып алдым. Өзім секілді әдемі қыздың фотосын қойып, ары-бері «темалық» парақшаларды ақтарып, 2-3 қызбен таныстым. Біреуі осы қалада екен. Әдемі сөздер айттым. Нөмерін сұрадым, хабарластым. Жіби бастады. Сүйіктісі жоқ екен. Тамаша. Киноға шақырдым. Келді. 

Сұңғақ бойлы, аққу мойынды, сымдай тартылған сұлу мүсін, суретшінің өзі салып бере алмайтындай ғажап көрік, күлсе, әлем жадырайтындай керемет жан. Ішімнен «әй, басым бос болғанда ғой» деп қоям. Әлгі болған шетелдік кино не жайлы екенін есіме түсіре алмай отырмын. Әйтеуір білетінім, қасымдағы қыздың иіс суына еріп кеткенім. Көзі тостағандай, мұрнын да құдай келістіріп көрікті жүзіне қоя салған. Ал ерні... күлгені... менің есім ауысып отырғанда кино да бітіпті. Жарты-ақ сағат болған сияқты ма, қалай? Тамақтандық. Бұл жолы «менімен боласың ба?» дей алмадым. Келесіге қалды. 2-3 күн өтпей тағы шақырдым. Осылайша, 3 кездесуде өзінің қандай ғажап көрікті екенін айтып, әбден есін кетірдім. Үйде адам көп, сол үшін қонақ үйдің алдына әкелдім. Маған бір қарады, қонақ үйдің атын бір оқыды. Не дер екен? «Сенің есің дұрыс па?» десе не болады. Бірақ, аруым кетәрі емес.

Бүгін менің күнім. Бір аптадан бері ақылымнан айырған қыз алдымда тұр. Жасы 20-лар шамасында (өзіңді танып отырсаң, ренжімеші алтыным). Не деген ғаламат иіс, аппақ жібектей денесі... Жұп-жұмсақ ерін. Балдай тілі. Қалай шешінгенімді, қалай шешіндіргенімді де анық білмеймін. Жатқыздым да, аяғының ұшынан құлағына дейін сүйіп шықтым. Даусын айтсаңшы... тура бір жеріме ток болып соғады. Ұзақққ сүйіс, аймаласу, терлеу, айқасу, ыңырсыған дауыс... Қытырлаған құрғыр кереует. «Тезірек, тезірек» дейтіндей... Әйтеуір, жетер жерге жеттік. Сенің даусың құлағымда әлі тұр. Сол түн бізге арналды. Тек екеумізге. Сен және мен. Ұйқысыз өткен нағыз құштарлықтың түні. Көзіңде маған деген ыстық ықыласың қалды. Байқадым, бірақ мен бір болған адамыма екінші рет оралмаймын. Кешір, алтыным!

четверг, 15 февраля 2018 г.

Неге нәзікжандылар ЛЕСБИ болып кетеді?

Кейбір әйелдер өз жынысындағылар ұнайтынын біраз уақыт өткен соң, сезіп жатады. Ал кейбір қыздар ерте жастан аруларға құмартады. 

Бұның сыры неде екенін әлі күнге дейін нақты айтатын ғылыми тұжырым жоқ. Зерттеушілердің пікірі сан-саққа жүгіреді. Кейбірі көлгірсіп кетсе, кейбірі жанама тұжырымдармен шектеліп қалады. Бүгінге дейін, әр түрлі теориялар қалыптасқан. Ол қандай теориялар екен?

Биологиялық тұжырым
Әйелдердің төсекте құмары қану үшін біршама уақыт пен ұзақ аймалауды талап етеді. Ал ерлер қауымы мұндай ұзақ процессті аса ұната бермейді. Олар мейлінше, өздерінің керегін алып, тез ісін бітіруге құмар. Осындай кедергіге тап болған нәзікжандыларды ұзақ әрі керемет аймалауға қанық лесби-секс қызықтырады.

Эволюциялық тұжырым
Бұл тұжырым көне заманда ер адамдардың соғыспен алыс сапарлап кететіндігімен түсіндіреді. Олар бірнеше жылдап әйелдерінен алыстайтындықтан, амалы таусылған әйелдер өз құмарын қандыру үшін басқа әйелмен «болады». Жалпы, сондай әйелдердің балалары да бисексуал болып туылады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым тек лесбилерге қатысты пайда болғанын айта кеткен жөн.

Әлеуметтік тұжырым
Көптеген ғасырлар бойы әйел адамдар нәзіктіктің, тазалықтың, қамқорлықтың белгісі болып келеді. Оларға тіпті басқа әйелдермен қарым-қатынас орнатқанға да қатал қарамаған. Ал гейлерді сөгіп, олардың төсектегі іс-әрекетін түсінбеген қоғам, әйелдерді аса сынай қоймаған.

Әлеуметтану және психология ғылыми лесбилерді үш топқа бөліп қарастырады:

Жасөспірімдер
Бұл категорияға 14-19 жас аралығындағы қыздар жатады. Олардың лесби қарым-қатынас орнатуына тв, интернеттегі түрлі жаңалықтар кінәлі. Олар лесби болуды, басқа адамдардың назарын аудару үшін мақсат тұтады.

Жас әйелдер
Бұл топқа 20-35 жас аралығындағы нәзікжандыларды қосуға болады. Олар ер адамдармен қарым-қатынас орнатудың аса мәнді болмайтынын саналы түрде түсінеді, сол үшін өзіне лесби-серіктес іздейді. Өз серіктесімен кез келген тәжірибе жасауға дайын жандар.

Үлкен әйелдер
Бұл топқа 35 жастан жоғары ханымдарды қосамыз. Олардың балалары бар және ер адамдардан төсекте тоят таба алмағандар. Сол үшін де лесбияндық қатынасқа түсіп, жалпы төсек ләззатын сезінуге құмартады. Олар бұл жолда тұрақты болмауы мүмкін. Кейін қайтадан ер адамдарға кетіп қалуы ғажап емес.


Сізде қандай ЛЕСБИЛІК-себеп жатыр?

Дәрігерлер лесби боп туылмайды, олар жүре келе пайда болады деген пікірді алға тартады. Бірақ та, гомосексуалдыққа бейімді болудың медициналық та себебі бар болып шықты. 

Олардың саны он мыңнан бір кездеседі. Ал қалған лесбилер әлеуметтік және психологиялық факторлардың әсерінен өз жынысындағыларға құмартып кеткен. 
 
Көптеген дәрігерлер серотонин гормонының жетіспеуі ориентацияның өзгеруіне ықпал ететінін айтады. Яғни әйелдер қарапайым өмірден өз қажеттілігін қанағаттандырмағандықтан, басқа эмоциялы ғажайыптар іздейді. Бұл теорияның барын растағанымен, психология ресми түрде әйелдердегі дәстүрлі емес қарым-қатынастың мынандай үш себебін айтады:
1.    Медициналық. Бұл қыздардың организміндегі аналық бездің әр түрлі формадағы ауру белгілері пайда болуынан туындайды. Мұндайда олар өздерін ер адамдар секілді ұстап, нәзікжандыларды ұната бастайды. Ағзадағы гипофиз жұмысының бұзылуынан, әйелдердің жыныс гормондарында ауытқушылықтар пайда болады. 
2. Психологиялық. Бұл тікелей лесби-қыздың өзін «көріксіз» санауынан пайда болады. Қыз бала кішкентай кезінен өзіің түрінен, бойынан кемшіліктер іздеп, қымсына бастайды. Сол себепті, ер балалардың назары түспейді деп есептейді. Өзін басқа қыздармен жиі салыстыра бергендіктен, өзіндегі жоқ сұлулықты басқа арудан көргендіктен соған деген қызығушылығы артады. Бұл қызығушылықтың соңы бір жынысты махаббатқа әкеп тынады.
3. Әлеуметтік. Бұл себеп-салдар ілгеріде көрсетілгендерден әлдеқайда күрделі болып табылады. Әрбір екінші лесби-қызға мың сан әлеуметтік фактор әсер еткен болуы мүмкін. Әлеуметтік себепке әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынасты айтуға болады. Ұлы болғанын қалаған әкесі қызын спортқа беріп, оны ер бала жасайтын көптеген іс-әркеттерге үйретіп, өсіреді. Осының кесірінен, қыз ер балалармен тек дос ретінде араласып, олардан жылулық күтпейді. Себебі, оның бойынан бала кезінен ер балаға тән мінез қалыптасқан. Мұндай тәрбиеде өскен қыздың басқа нәзікжандыларға деген  сезімі пайда болады. 
Десек те, лесби жандардың әрқайсысында өзіндік себептері бар. Оны бір теорияға сыйдыру мүмкін емес.

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...