среда, 11 сентября 2019 г.

Лесби-көңілдес #10




Ешқашан естен шықпайтын кездесулер болады... Артқа қайтып, дәл сол сәтті қайта-қайта бастан өткергің келеді де тұрады... Сенің келетініңді асыға күттім. Жақындаған сайын жүрек құрғыр жұлқынып, көңілім алабұртып, әлдебір әдемі әуен бойымды елітеді. Бұл жақсы ма, жоқ па, оны да білмеймін. Телефонда бірнеше ай сөйлескен адамым әне-міне менің жанымда отырмақ. Сыртымнан бақылаған адам мені точно «ауру» деп ойлайтын болар. Өз-өзімнен күліп, ернімді жыбырлатып сөйлеп, музыкаға қосылып билеп, бір орында отыра алар емеспін. Себебі, жаңа ғана сен келе жатқаныңды айттың. Сенің кіріп келе жатқаныңды мың рет елестеттім. Өзімді қалай ұстайтынымды да жоспарлап қоям. Бірақ, ойлағаның бола қоя ма... Шылдыр... Уф, жүрегім, қашан соңғы рет осылай тез соқтың екен?! Жылы жымиған, аппақ көйлек киген, қолында маған деген азын-аулақ сыйлығы бар, нақтырақ айтқанда, тамағы бар қонағым кіріп келді (не жақсы көретінімді жақсы біледі екен). Амандасу, хал сұрасу... Сыртымнан солай шығар. Ал ішімде... 12 балдық жер сілкініс. Әлгі торнадо деген құйынның тырнағына іліккендеймін... А айтпақшы, бетін сүйгенде тал бойыма токтай соққан, мұрнымнан кіріп, бойымды алған (дейінші) тамаша иісті сездім.

Бұған дейін сені құшақтағанымды, қалай аймалағанымды елестетіп, санамда 88 рет касетадай айналдырғанмын. Онсыз мен – мен болам ба?)) Әңгіме айтып, менің төсегімнің үстінде отырдық. Ұялғаның қандай. А сосын, бір емес, бірнеше жұлдызды іліп алар шамасы бар кірпіктеріңді айтшы. Тағы да өсе түссек дейтіндей, аспанға ұмтылып тұр..(әзіл). Әртүрлі бағыттағы әңгімелер себетін сөгіп отырмыз. Белім ауырып, ұзыннан түсіп жата кеттім. Аяп кеттің бе, беліңді уқалап берейін деп ыңғай таныттың ғой деймін. Кәнеш, қарсы емеспін, сұлуым.  Қолдарың тиген сәтте, тамырымда қаным атқылап, жүрегім аузымнан шығардай соққылап кетті... Шыдамадым, атып тұрып, құшақтап алдым. Қысып, екі жыл көрмеген анамды құшақтағандай сондай үлкен сағынышпен құштым. Иісің, естен тандырып, ерітіп жіберді. Сүйісу... Мойныңнан сүйіп, жеп қоюға бармын. Әлгі ақ көйлегіңнің тілін таба алмай, әбігерге түскенім бар. Бұл төсекте тәтті сезімнің тоятын ала алмайтынымыз түсінікті. Себеп – «көршілер естіп қояды». Сонымен, ешкім де, ештеңе де бітпей бір түн өте шықты (ол түннің құны не екенін жақсы білетін боларсың))). Ертеңіне кешкі серуеннен соң, квартираға барамыз деп шештік. Жоқ-а, шешкен мен ғой.. Сен қуана келісіп тұрғаныңды жыпылықтаған көзің айтып тұр. Екі сағатқа жалдадық (соңында тағы жарты сағатты қосып алдық).


Келші, сүйейін... нәп-нәзік қимыл, есіңді алар қылық... иісің туралы басқа роман жазуға болады. Жып-жылы сүйіс, ып-ыстық құшақ. Жарықты сөндіріп, жақындай түсем. Тартынбай құшағыма кіріп кеттің. Негізі лесби-се*стегі бар білетінімді ортаға салғым келсе де, кішкене қымсынып, сенің де төсекте билік жүргізуіңе мүмкіндік бергім келді. Себебі, қанша тырыссам да, сені ләззаттың шыңына шығара алар емеспін (бұл жерде мұңайып тұрған смайлик болуы керек). Артық еті жоқ, әбден бапталған тал мүсініңді аймалап, тіпті тояр емеспін. Мақпалдай жұмсақ денеңнің әрбір бөлігі бал жағып келгендей, тәп-тәтті. Әр позаға түсіп, керегімізді іздейміз. Әйтеуір, көксегенімізді тапқандай, қимылымызды үдете түсеміз. Оған дауысымыз қосылады. Жаным... менің естен танар рахатқа бөленген тұсым дәл осы жер..... Сол сәтте.. құрғыр есік қағылып, «қыздар» дейді. Төсекте жанталасып, бөтен үйдің диванында ойқастағанымызға да екі сағаттан асып кетіпті.
– Мәә, күшті болды, жаным, сен оргазм алмадың, иә?- деп сұрадым.
– Маңызды емес...
Бірі «қанған», бірі соған жеткізген, қос қыз үйді босатып барады....

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...