пятница, 28 июля 2017 г.

Лесби-көңілдес #3

Әлеуметтік желіде жігіт боп отырып көрейін деп шештім. Содан 5-6 өзіме ұнаған қыздарға достық жібердім. Менде тұрған әдемі жігіттің фотосы кез келгенінің есін тандыратындай еді. Сонымен не керек, біреуімен әңгімем жарасып, қызықтың соңына түсіп кеткенімді аңғармай қалдым. Есімі – Аяулым. Бір күн, екі күні, үш күн.... бір апта! Әлгі әдемі жігіттің он шақты фотосын жіберіп қуантып қойдым. Осылай әңгімеміз екі айға созылды. Ақыры, шындықтың бетін ашайын деп шештім. Өтірік «жігіт» болып шаршадым, шынын айтқанда...

Ойбоооойй, ашуланып, апыр-топыр, үзілді-кесілді сөйлесуден бас тартқан аруым 1-2 сағаттан соң сабасына түсті. Кездесуге шақырдым. Келіп «қадап» кете ма деп ойлағам. Жоқ, кәдімгі интеллект адамша, хал-жайымызды сұрасып, тарқастық. Мен қатты ұнатып қалдым. Келіскен өң, сымдай тартылған тұла бойы, тостағандай төсі...  

Ұзақ созып отырмайын. Бастысына көшкенім дұрыс шығар.
Сонымен жарты жолдан, қойып кетер мен емес, ары жүгіріп, артынан бері жүгіріп, бір күні үйге қонаққа шақырдым. Келді. Кереметтей дастархан жайдым (меніңше, керемет қой енді)) жақсылап тойып алдық. Сөйтіп, бұл жолы, ештеңе болған жоқ, Ол «аман-есен» қайтты. Содан екі аптадан соң бірнәрсені сылтауратып үйіне бардым. Жеңіл-желпі шәй ішіп алған соң, ойым бұзыла бастады. Жақындап бастадым, кәдімгідей қашқақтады. Бірақ, қайда барсын, қатты құшақтап, иіскеп сүйе бастадым. Шын сезімім оны елітті, білем. Бар білгенімді төсекте көрсетіп бақтым. Сүйдім, аймаладым, бақытқа бөледім. Бұрын-соңды мұндай сәтті сезініп көрмегендей талықсып жатты. Бірақ, маған тіке қарай алмады. Ештеңе болмағандай киініп, қоштасып, шығып кеттім. Одан кейін менің звоногымды көтермеді, үйіне барып едім, басқа жақа көшіп кетіпті. Еххх... ұялған болды ғой.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...