понедельник, 24 июля 2017 г.

Лесбианның қоғамдағы қиыншылықтары (жеке басымдағы)


1.     «Ешкім білмеуі керек!»
Білсе, «қораға» кірдім дей бер!
А) Мұның ішінде, бірінші кезекте ата-анам, бауырларым. Олар мені түсінбейді және қабылдамайды!
Б) Достарым. (50/50) білетіндер бар және олар менен бас тартқан жоқ, айтпай жүргендерім «білсе, араласпай кетуі» ғажап емес деп есептейтіндерім.
С) Жұмыс орным. Бәрінің ойынша менің жігітім бар. Жиі айтып отыратын, тоқтаусыз хабарласып тұратын және мен оны, ол мені шексіз сүйетін. Ол адамның шын мәнінде кім екенін білсе, әріптестерім менен бастарын алып қашады, жарияға жар салады.  100% кепілдік беремін!

2. Өзіміз қалағанша өмір сүру, бірақ –  «жасырынып»...
«Жұмбақ бақыт» туралы естіп пе едіңіз?
Ілгеріде келтірілген мысалдар, жасырынудың бір белгісі, ал мынау қоғамнан жасырынып...
Қол ұстасып көшеде жүрмеу, көптің алдында құшақтамау... себеп – бізден жұрттар күдіктенеді. Бұл менің емес, оның ойы... Амал жоқ, жасырынбақ ойнаймыз...

3.     Білетін адамдардың «дұрыс өмір сүр» деген «ақылы»...
«Өмірдің мәні – дұрыс өмір сүру». Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Бақытты болу – дұрыс өмір сүруді басты көрсеткіші. Мен бақыттымн, яғни өмірді дұп-дұрыс сүріп жатқандығым... Өз қалауыңа қарсы шығу – өз қолыңды өзің шапқанмен тең екенін түсінбейді олар. Натуралдардың бәрі дұрыс өмір сүріп жатыр ма екен? Сұрақ?

4.     Қоғамнан шеттетілемін деген қорқынышшшшш...
Расымен, қорқынышты...
Барлығымыз қоғамымыздың бізді қабылдауға дайын емес екенін мойындаймыз. Амал нешік. Біз туралы білсе, бүгінгі қол жеткізіп отырған біраз жетістігіміз жоққа шығарылады. Қысым көрсетіледі.

5.     Отбасын құру – бақытқа бастай ма?
«Кәдімгі» отбасыны айтып отырмын.
Айналамыздағылардың барлығы «қашан күйеуге тиетінімді» сұрап қоймай жүр? Сіздерде де солай шығар. Олай бола қалса, бақытты болар ма екем?! Тағы бір – қорқыныш.
*Ал сіздердің бастарыңыздан қандай қиыншылықтар өтіп жатыр?


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...