пятница, 21 июля 2017 г.

Бейтаныс ару (лесбидің сыры)

***

Айкен күнімен үйде болып әбден іші пысқан еді. Ескі махаббаты санасының жұлым-жұлымын шығарды. Езілген жүрегіне ем таппай әлек. Қалайша мұны тастап, басқа қыздан бақыт іздеді екен? Миына сыймайды. Қаңтарған қайғыдан арылайын деп телефонын алып, ары-бері шұқылап, ескі таныстарына хабарласа бастады. Сондағы ойы әңгімелесіп, ойын аударатын жерге барып қайту. Қазірде ешкімнің де уақыты жоқ, адамдар бірін-бірі іздеуден қалған. Айкен 3-4 танысына хабарласуға тырысып баққан. Бірақ, ешқайсысы мұның звондап тұрғанын аңғармады ма, тұтқаларын көтере қоймады.

Айкен өзінің достарының тым азайып, тіпті мүлде қалмағанына іші ашыды. Бұрын соңды бұл нәрсеге мән бермеген екен. Күңгірт ойдың тұнығына түсіп кеткен кезі. Телефоны безілдеп қоя берді.
       Алло, а Нұрсая қалайсың?, хабарласып ем алмадың ғой..
       Сәлем Айко, ренжімеш, көрмей алыппын, не жаңалық боп жатыр?
       Жә, тыныш бәрі, қолың бос па? Сыртқа шығып жүріп қайталық, таза ауа жұтып дегендей..
       А қазір тез душ қабылдап алайын ендеше....
Сыныптасының келісе кеткеніне қуанған өзі де тезірек жинала бастады. Ол мұның үйіне екі көше алыс тұрады.

Астананың салқын кеші. Жаз мезгілі болса да елорданың салқын ауасы адамдарды жылы киінуге мәжбірлеп қойғандай. Есілдің жағалауында кешқұрым серуендеген халықтың қарасы көп. Қол ұстассқан ғашықтар, итін ерткен қала тұрғындары, орындықтардағы әңгіме соғып отырған қариялар, бала-шағасын ерткен жұбайлар.. Бәрі осында жүр. Екі сыныптас хал сұрасудан бастап, балалықтың қызықты біраз әңгімесін айтып мәз болысты.
Айкеннің көзі оқтын-оқтын өзен жағасындағы темір қоршауға сүйеніп, жалғыз тұрған қызға түсті. Қанша уақыт өтсе де тұрған орнына тапжылмайды. Қос жанарын ерке Есілдің бетіне аударған. Анда-санда ұялы телефонын алып, біреуге хабарласқысы келетіндей.

Осы уақытта сыныптасының телефоны шыр ете қалды. Тұтқанын арғы бетіндегі адам сыныптасына тезірек келу керектігін айтып жатыр.
       Бәрі дұрыс па?
       Ой, үйдегі құрбымды жедел жәрдем әкеткен секілді, тезірек барайын, ренжімеш, тағы бірде ұзағырақ отырармын.
       Ештеңе етпейді, байқап жүр, хабарласамыз ғой...

Айкен сыныптасын шығарып салған соң, батылданып, әлгі қыздың жанына жақындағысы келді. Сылтау іздеп тұрғанда біраз уақыт өтіп кеткен секілді. Бейтаныс қыз сонда да тұрған жерінде қатып қалғандай.Айкен амалын таппай жай ғана қасына жақындады. Қара бояумен, ою-өрнекпен көмкерілген темір қоршауға сүйенді. Есілге ұзааақ қарады. Ойы соғыс алаңы секілді. Не айтса болады? Қалай сөзге тартады? Ақыры бірнәрсе деуге батылы жетпеді. Бір метр ары тұрған қыз бұрылып кете барды. Жанарында тұнған мұң. Өзі секілді қайғы-қайығы өмір өзенінде шарасыз қалтырғандай. Бейтаныс сұлудың келбетінде мұғ сызаты өзіне тым таныс көрінді. Көзімен ұзатып салып, өзіне ашуы келді. Бірақ не деп танысады? Қалай сөзге тартады? Жігіт болса бір сәрі. Ертеңгісін де осы араға келуге бекінді. Мүмкін тағы келер...

Астанаға келгелі бір ай өтсе де жұмыссыз жүргені жанына батады. Ата-анасы жіберген ақшаны жаратып жүр. Бүгін тағы ескі махаббаты ақылының астан-кестеңін шығарып, мазасын алды. Жұмыс іздеп бірлі-екілі жерлеге хабарласып көрген ештеңе өнбеді. Асыға кешті күтті. Мақсаты –  Есілдің жағасындағы «мұңға оранған» бейтаныс қызды кезіктіру.

Сағаттың тілі әрең дегенде 7-ге барып тірелгенде үйден атып шыққан Айкен жағалауға қалай тез жетіп келгенін сезбей қалды. Қыз жоқ. Ары-бері іздеді, жоқ.
«Енді көру бұйырмас пе екен?» деген түлкі ойы қылаң бере қалды.
Күнімен күткені зая кетті ме? Бір сағаттай уақыт іздеп шарқ ұрды. Таппады. Жоқ.  Көңілі түсіп кетті. Жер шұқып тағы ұзақ отырды. Көзі темір қоршауға түсіп кеткен еді. Жүз жыл ізздеген бақытын тапқандай жанары жайнап сала берді. Кешегі сұлуы тұр. Бұл жолы көп күткені қамшы салды ма, әйтеуір жылдам жанына жетіп барды. Бірден сәлемдесті. Бейтаныс ару бірінші бұған мән бермей, «бірнәрсе дедіңіз бе» деген кейіппен қарап тұр.
       Қайыққа міну қанша екен? Білмейсіз бе?
       Жоооқ, білмейді екем.
Даусы неткен жағымды. Құлаққа майдай жағады. Бірақ, кешегі мұңлы кейпінің табы кете қоймаған.

Айкен ары қарай әңгімені қалай жалғарын білмей дал. Осы жерден тоқтап қалса, жүрегіне жол тартқан мына жаннан мәңгілікке айырылып қалардай. Қайтсек керек? Сан сұрақтар санасында құйын болып жатыр.
Амалын таппай үнсіз қалған, бірақ қасынан кете алмады. Ол да бұған аса мән берген жоқ. Қайғысын арқалаған күйі өзеннен көз алмай қатып тұрды...

«Шынымен де басына не іс түсті екен?» деген ой Айкенге маза бермеді.
       Неге қайғырып тұрсыз?
       Ау?
       Неге қайғырып тұрсыз екен?
       Жәәәй, ничегооо, мән бермеңіз.
       Балмұздақ жейсіз бе?
       Жооқ, рахмет.

Тағы да үзіліс. Айкен тығырыққа тірелді. Енді ары қарай бейтаныс қызды сөзге тартудың ыңғайы болмайтынын көзі жетті. Қыз телміре телміре көзі талды ма, аяғы ауырды ма қайтуға ыңғайланды.
Діттегені болмаған Айкен болса, көзі мұға толып қала берді.
«Ертең де, келем!» деді іштен.

Жаздың жаймашуақ кеші. Жағалауға жиналған қарақұрым халық. Кеш кіре Айкен жүрегін жаулаған кейіпкерді көруге асығып жетті. Қанша күтсе де ару қыздың бейнесі көрінбеді. Арлы-берлі өткен адамдарға жаутаң-жаутаң қараған жанары жер сүзіп қалды. Келмеді. «Енді қайдан табамын?». Жауабы жоқ сауал санасында тұрып қалды.

Түні бойы көз ілмей, бейтаныс қыздың бейнесі көз алдынан кетпей қойды.
«Оның жүрегіне жол таба алмайтын секілдімін, натурал сияқты. Қайтсем екен? Туффф.... Жігіті тастап кетті ме екен?». Ой... ой... тағы да ой... Сананы мың сілкіген ой...

Бүгін кейіпкерін жоғалтқанына үшінші күн. Бүгін келмесе, ойымнан шығарамын деп бекінді Айкен.
Жағалаудың айналасын шарлап шықты. Тағы да жоқ. Бір уақытта қасынан әңгімелескен екі қыз өте бергенде... оның бірі өзі іздеп жүрген бейтаныс аруы екенін танып қалды.

Артына бұрылып, жылдам жандарына жетіп барып:
       Сәлем! – деді.
Құрбысы бейтаныс аруға қарады, «таныйсың ба?» деген кейіппен...
       Сәлем.
Бұл бейтаныс жанның жауабы. Басында танымағандай кейіп танытқанымен, кейін есіне түсірген секілді.
       Халің қалай?
Бұл жолы «сіз» деп сызылып тұрмады.
       Жақсы, рахмет, өзіңіз?
       Осындай!.
Бұл Айкенннің шаттық ескен жауабы еді.
       Көрінбей кеттің ғой..
Сұрақты дұрыс қоймағанын сезіп, Айкен сәл кідіріп қалды.
       Жәй қол тимей...

Бейтаныс аруы құрбысынан қысылды ма селсоқ жауап қатты. Айкеннің оған ренжуге еш себебі жоқ еді. Танымайтындығы бар, сыртынан сүйіп, күнде іздеп келіп жүргеніне оның еш кінәсі жоқ. Қастарына еріп жүрудің ыңғайын таппай, «Жарайды, сау бол!» деп қала берді. Сәл аяңдап, арттарынан еріп отырды. Оны құрбысы байқамады. Ал бейтаныс ару бір-екі рет артына бұрылыңқырап қарап, келе жатқанын анық аңғарды. Кеш осымен аяқталды.

Айкен ертеңгілік тағы да бейтаныс сұлуын аңсап, армандаумен болды. Жұмыссыз жүргені тіпті ойына кіріп шықпайды. Кешкілік тағы келді.
Іздеген аруы бұны күтіп тұрғандай ертерек келіп алыпты. Сол балмұздақ сататын дүңгіршектің тұсы Айкенге ыстық болып қала беретін шығар.
       Сәлем.
       Сәлем.
Бұл жолы екеуі таныс адамдарша амандасты.
       Сіз мені неге аңдып жүрсіз? Соны білгім келеді?
Бүгін ерте келуінің себебін енді түсінді Айкен.
       Іімм... бірінші көрген күні қатты қайғырып тұр едіңіз.
Қайтадан «сіз» деп кеткенін білмей қалды.
       Іммм...
Айкен не айтарын білмеді. Ұнап қалдың деп қалай  айтпақ?
       Балмұздақ жейсіз бе?
Тағы орынсыз сұрақ.
       Жоқ, негізі мен... біреуді күтіп... келемін деп келмеді...
Мұңға толы дірілдеген дауыс, Айкеннің жүрегін тіліп өтті.
       Ол енді келмейді! – деді Айкен. Даусы қатқыл шықты, ыза бар секілді.
       Білемін...
       Жігіт пе еді?
       Жігіт болғандаааа... иә, жігіт...
Бейтаныс қыз ештеңе ашып айтқысы келмейтіндей. Жарайды, жігіті құрсын деді Айкен ішінен.
       Менің есімім Айкен...
Өзен жақтан көз алмаған қыз атын айтуға асықпады.
       Көркем...
       Қуаныштымын. Келмеген жігіт келмесін, мұңая берсең ерте қартаясың...
Көркем десе көркем еді. Мөлдіреген көзі, үлбіреген ерін, құйып қойғандай келіскен мұрын, қап-қара қас осының бәрі Айкеннің секундта көз алдынан өте шықты.
Шынымен ғашық секілді.
Екеуі әрдеңені айтып, ұзақ тұрды. Сөйлесе берсе, бейтаныс аруының ашылатынына көзі жеткен Айкен шындап кірісті.
       Жарайды, менің кетуім керек. Қараңғы да түсіп қалды. Үйдегілер іздеп қалар. – деді Көркем.
Осы уақыт мәңгілік қатып қалса деп тіледі Айкен. Неде болса, ақыры танысты, сөйлесті. Көңіл құсы бақыт мекенін айналып жүр.
       Ертең де әлгі жігітті іздеп келерсің – деп күлді Айкен. – шықсаңшы, әңгіме айтармыз.
       Көрейін... бейтаныс ару жылы жымиды.
Айкен жүрегіне жол тартқан арумен тілдесіп, қуаныштың тәтті әлемін жол тартып, қимай шығарып салды.
Енді ертеңді асыға күтеді.

«Не ойлады екен? Келмей қалса не істеймін? Қалай жүрегін жаулаймын?» тағы да санасында сексен мың сұрақ сенделіп жүр... бастысы, мақсаты айқын – қалай да Көркемнің жүрегіне жол табу.... 
"(жалғасы бар)


1 комментарий:

Лесби-көңілдес #11

( # 10-ның жалғасы) Үміт пен күдік күрескен күндер өте берді. Бәлкім, әлі де солай? Құбылмалы мінезім сенің жүрегіңе оттан гөрі, тот са...